Жария оферта
Соңғы жаңартылған күні: 16.05.2025 жыл
Терминдер мен анықтамалар.
Осы офертада, егер мәнмәтіннен өзгеше мән туындамаса, төменде көрсетілген терминдер мынадай мағынаға ие болады және оның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады:
«Сатушы», «Оператор» - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Тауарларды, оның ішінде қашықтықтан сату бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын «Expert Food» ЖШС компаниясы;
«Сатып алушы», «Пайдаланушы» - осы офертаны төменде көрсетілген шарттармен қабылдаған (акцептеген) және Сатушыға өзінің дербес деректерін Сайтта және/немесе Мобильді қосымшада тіркеу арқылы ұсынған, Сатушы Сатып алушының Тапсырысын рәсімдеу үшін пайдалана алатын кез келген жеке тұлға;
«Сайт» - Сатушының сайттағы ресми веб-парағы https://jeti-tandir.kz;
«Интернет-дүкен» - Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған Тауарларды сату бойынша Сатушының ресми интернет-дүкені;
«Тауарлар» - Сайтта және Мобильді қосымшада ұсынылған Сатушы өнімдерінің тізімі.
«Тапсырыс» - Интернет-дүкенде Сатып алушы таңдаған Тауарларды сатып алуға және жеткізуге Сатып алушымен ресімделген және Интернет желісі арқылы Сатушыға ұсынылған (Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған электрондық үлгі) немесе Сатып алушымен +77471150626 телефоны бойынша ресімделген сұраныс;
«Курьерлік қызмет» - Сатушының мүддесі үшін Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды жеткізу бойынша қызметтер көрсететін тұлғалар;
Осы офертаның мақсаттары үшін жекеше түрдегі терминдер мен анықтамалар көпше түрдегі терминдер мен анықтамаларға да қатысты және керісінше;
Осы офертаның шарттары, егер осы офертада өзгеше тікелей көзделмесе, Сайт пен Мобильді қосымша үшін қолданылады;
1. Жалпы ережелер
1.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 395-бабына сәйкес (бұдан әрі осы офертаның мәтіні бойынша – «ҚР АК») бұл құжат жеке тұлғаларға бағытталған жария оферта болып табылады және төменде баяндалған шарттар қабылданған жағдайда, жеке тұлға осы офертада баяндалған шарттарда Тауарға ақы төлеуге міндеттенеді. ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес Сатып алушы Тапсырысты түпкілікті растаған сәт Сатушының офертасын акцептеу болып табылады, бұл осы офертада, Сайтта және Мобильді қосымшада белгіленген шарттарда Тауарды бөлшек саудада сатып алу-сату шартын (бұдан әрі осы офертаның мәтіні бойынша - «Шарт») жасасуға тең болып табылады.
1.2. Сатушы мен Сатып алушы Шарт жасасу және оны орындау үшін қажетті құқықтық және әрекетке қабілеттілік, сондай-ақ барлық құқықтар мен өкілеттіктердің бар екендігіне кепілдік береді. Қазақстан Республикасының 16.07.1999 ж. №429-1 «Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады. Курьерлік қызметтің жұмыскерлері Сатып алушының төлқұжатын немесе оның жасын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуді талап етуге құқылы.
1.3. Интернет-дүкен арқылы Тауарларға тапсырыс бере отырып, Сатып алушы осы офертаның шарттарын сөзсіз қабылдайды және Сатушының құпиялылық саясатының шарттарымен келіседі. Сатып алушы Сайтта және Мобильді қосымшада ресімдеген Тауарға Тапсырыс Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалған Шарттың растамасы болып табылады.
1.4. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға ҚР АК ережелері (оның ішінде бөлшектеп сатып алу-сату туралы ереже (25-тарау, § 2), «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы №274-IV Заңы және Қазақстан Республикасының (бұдан әрі осы оферта мәтіні бойынша - «ҚР») қолданыстағы заңнамасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері қолданылады.
1.5. Сатушы осы офертаға өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады, осыған байланысты Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған осы офертаға өзгерістердің орын алуын дербес бақылауға міндеттенеді. Осы офертаның өзгеруі туралы хабарламаны Сатушы олар күшіне енген күнге дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Сайтта, Мобильді қосымшада ақпараттық хабарлама түрінде орналастыруға міндетті.
2. Шарттың мәні
2.1. Сатушы Сайтта, Сатушының Мобильді қосымшасында ұсынылған бағалар бойынша Тауарларды береді, сатады, ал Сатып алушы осы офертаның шарттарына сәйкес Тауарлардың ақысын төлейді және қабылдайды.
2.2. Тауарларға меншік құқығы Сатып алушы Тауарларды қабылдаған және олардың толық құнын төлеген сәттен бастап Сатып алушыға өтеді. Тауарлардың кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі Сатып алушы Тауарларды қабылдаған сәттен бастап Сатып алушыға өтеді.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3.1. Сатушы келесідей міндеттеме алады:
3.1.1. осы оферта қабылданған сәттен бастап осы офертада белгіленген шарттарда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес Сатып алушы алдындағы өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етугеСатушы осы офертаның 9-бөліміне сәйкес еңсерілмейтін күш жағдайлары («форс-мажор») туындаған жағдайда өз міндеттемелерін орындаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады;
3.1.2. Сатып алушы ұсынған жеке деректерді өңдеуге және сақтауға, олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа реттерде бұл ақпаратқа үшінші тұлғалардың қол жеткізуіне жол бермеуге.Осы офертаны қабылдай (акцептей) отырып, Сатып алушы өзінің келісімін растайды және Операторға өзінің дербес деректерін, оның ішінде: тегін, атын, әкесінің атын; жеткізу мекенжайын; телефон нөмірін өңдеуге рұқсат береді. Осы офертада дербес деректерді өңдеу дегеніміз: жоғарыда көрсетілген деректерді жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, бұғаттау, жою.
3.1.2.1. Оператор Сатып алушы тапсырыс берген Тауарларды Сатып алушыға жеткізу мақсатында Курьерлік қызметке Сатып алушының дербес деректерін тапсыруға құқылы.
3.1.2.2. Сатып алушы Операторға және оның қызметтеріне деректер қорын басқарудың автоматтандырылған жүйелерін, сондай-ақ өзге де бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалана отырып, Сатып алушының дербес деректерін өңдеуге келісімін білдіреді және рұқсат береді. Мұндай жүйелермен жұмыс жоғарыда 3.1.2. тармақта көрсетілген алгоритм бойынша жүзеге асырылады (жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау, пайдалану, бұғаттау, жою).
3.1.2.3. Оператор Сатып алушының дербес деректерін өңдеудің пайдаланылатын тәсілдерін дербес анықтауға құқылы (оның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей: пошталық кодтарды кодтар/индекстер базасымен автоматты түрде салыстыру, көше/елді мекендер атауларының жазылуын автоматты түрде тексеру, деректер қорын берілген критерийлер бойынша сегменттеу және т.б.).
3.1.2.4. Оператор Сатып алушы ұсынған дербес деректердің құпиялылығын, оларды көшіруден, таратудан қорғауды қамтамасыз етеді. Сатып алушы кез келген сәтте Операторға аты-жөнін, тегі мен жеткізу мекенжайын көрсете отырып, телефон арқылы қоңырау шалу арқылы өзінің дербес деректерінің тізбесіне сұраныс жасауға және/немесе өзінің дербес деректерін өзгертуді, жоюды талап етуге құқылы.
3.1.2.5. Сатушы Сатушыға берілген Сатып алушының дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерінің алдын алуға; мұндай әрекеттерді уақтылы анықтауға және жолын кесуге міндеттенеді.
3.2. Сатушы осы офертаның шарттарын; Интернет-дүкенде көрсетілген Тауарлардың бағаларын; Тауарларды төлеу және жеткізу шарттарын; Тауарларды жеткізу тәсілдерін, мерзімдерін және аумағын; сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған осы офертада көрсетілген өзге де шарттарды өзгертуге құқылы.
3.3. Сатып алушы келесідей міндеттеме алады:
3.3.1. Тапсырыс Сайтта, Мобильді қосымшада рәсімделген сәтке дейін - осы офертада белгіленген мазмұнмен және шарттармен, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген өзге де шарттармен, оның ішінде Интернет-дүкенде белгіленген Тауарлардың бағасымен, Тауарларды жеткізу аймағымен және оны Сатып алушыға жеткізу үшін жасалуы тиіс Тапсырыстың ең төменгі құнымен танысуға;
3.3.2. Сатып алушыны сәйкестендіру үшін қажетті және Сатушымен мәміле жасау және Сатып алушыға ол тапсырыс берген Тауарларды жеткізу үшін жеткілікті сенімді дербес деректерді ұсынуға;
3.3.3. тапсырыс берілген Тауарларға осы офертаның шарттарымен ақы төлеуге;
3.3.4. Интернет-дүкенде тапсырыс берілген Тауарларды кәсіпкерлік мақсатта пайдаланбауға;
3.3.5. осы офертада белгіленген шарттарды, сондай-ақ Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген өзге де шарттарды сақтауға.
3.4. Сатып алушы құқылы:
3.4.1. Пайдаланушы есептік жазбасын тіркегеннен кейін Интернет-дүкенді қолдануға. Есептік жазба деректері айрықша болып табылады және берілмейді. Сатып алушы есептік жазбаның деректерін үшінші тұлғаға берген жағдайда, Сатып алушы осындай үшінші тұлғалар жасаған іс-әрекеттері үшін, сондай-ақ осындай үшінші тұлғалар Сатушыға келтірген залалдары үшін толық көлемде жауапты болады;
3.4.2. тіркелген кезде көрсетілген абоненттік телефон нөміріне жылжымалы радиотелефон байланысы желілері бойынша sms-хабарламалар түрінде өткізілетін акциялар туралы ақпаратты (жарнамалық хабарламаларды, таратуды) алуға. Пайдаланушы кез-келген уақытта электрондық поштадан бас тартуға, сондай-ақ электрондық поштаға қайта жазылуға мүмкіндігі бар;
4. Интернет-дүкенде тіркелу
4.1. Интернет-дүкенді пайдалану құқығын алу үшін Сатып алушы пайдаланушының есептік жазбасын Сайтта, Мобильді қосымшада Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеуді жүзеге асыруға міндеттенеді.
4.3. Пайдаланушы SMS-хабарламада Оператордан алған құпиясөзді дұрыс енгізгеннен кейін тіркеу аяқталды деп есептеледі.
4.4. Пайдаланушының Интернет-дүкендегі есептік жазбасын тіркеу бойынша әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Пайдаланушы осы офертаның шарттарын толық көлемде және қандай да бір алып қоюсыз қабылдайды.
4.5. Сатып алушыны тіркеу Сатып алушының атынан үшінші тұлғалардың рұқсат етілмеген әрекеттерін болдырмауға және соңғысына Интернет-дүкеннің қосымша қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сатып алушының логин мен құпиясөзді үшінші тұлғаларға беруіне мүмкіндік берілмейді.
4.6. Тауарға тапсырыс беруді Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада жүзеге асырады. Тіркелген Сатып алушылар (Пайдаланушылар) ғана Тапсырыс бере алады.
4.7. Сатушы Сатып алушы тіркеу кезінде ұсынған ақпараттың нақтылығы мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.
5. Тапсырысты рәсімдеу және орындау мерзімі
5.1. Сатып алушының Тапсырысы телефон арқылы және/немесе Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырыстың электрондық үлгісін толтыру арқылы рәсімделуі мүмкін.
5.1.1. Тапсырысты телефон арқылы немесе Сайттағы электрондық үлгі арқылы, Мобильді қосымшада ресімдеу кезінде. Сатып алушы осы арқылы осы офертаның шарттарымен танысқанын растайды және Сатушыға Тапсырысты тиісінше ресімдеу және орындау үшін қажетті барлық ақпаратты ұсынуға міндеттенеді.
5.1.2. Сайт, Мобильді қосымша арқылы Тапсырыс берген кезде Сатып алушы Тапсырыстың электрондық үлгісін толтырады және қалыптастырылған Тапсырысты Сатушыға Тапсырысты электрондық үлгіде растау арқылы жібереді.
5.2. Егер Сатушының қоймасында Сатып алушы тапсырыс берген Тауарлардың қажетті саны немесе ассортименті болмаса, Сатушы Сатып алушыдан Тапсырысты алғаннан кейін 30 минут ішінде бұл туралы Сатып алушыға телефон арқылы хабарлайды. Сатып алушы Тауарларды басқа мөлшерде немесе ассортиментте қабылдауға келісуге немесе өзінің Тапсырысынан бас тартуға құқылы. Сатып алушының жауабын алмаған жағдайда Сатушы Сатып алушының Тапсырысын толық көлемде жоюға құқылы.
5.3. Сатып алушының Тапсырыс құрамын өзгертуге құқығы жоқ.
5.4. Сатып алушыда Тауарлардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырысты рәсімдемес бұрын Сатып алушы Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетілген жұмыс режиміне сәйкес қажетті ақпаратты алу үшін Сатушыға +77471150626 телефоны арқылы хабарласуы тиіс.
6. Тауарларды жеткізу
6.1. Сатып алушының кінәсінен Тауарларды жеткізу жүзеге асырылмаған жағдайда (Сатып алушы байланысқа шықпаған, есікті ашпаған, мекенжайды дұрыс көрсетпеген, заңнамада көзделген негіздерсіз Тауарлардан бас тартқан), Тапсырыс құны Сатып алушыға қайтарылмайды, ал жеткізілмеген Тауар есептен шығарылуға жатады. Бұл жағдайларда Сатушы Сатып алушының логинін (абоненттік телефон нөмірін) бұғаттауға да құқылы.
6.2. Тауарларды жеткізуді Курьерлік қызмет Сайтта, Мобильді қосымшада Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы көрсеткен нақты мекенжай бойынша жүзеге асырады.
6.2.1. Тауарларды жеткізу аймағына кірмейтін мекенжайлар бойынша жеткізу жүзеге асырылмайды.
6.2.3. Тапсырысты жеткізу мерзімі Сатып алушының орналасқан жеріне байланысты 30-дан 90 минутқа дейін. Сатушы осы офертада және/немесе Сайтта, Мобильді қосымшада белгіленген Тауарларды жеткізу мерзімдерін сақтау үшін барлық күш-жігерін салады.
6.3. Жеткізу Сатып алушы ең төменгі тапсырыс сомасына Тапсырыс берген жағдайда жүзеге асырылады. Ең төменгі тапсырыс сомасын Сатушы біржақты тәртіппен анықтайды және Сайтта, Мобильді қосымшада көрсетіледі.
7. Тауарларға ақы төлеу
7.1. Тауарлардың бағаларын Сатушы біржақты тәртіппен белгілейді және Сайтта, Мобильді қосымшада Қазақстан Республикасының теңгесімен көрсетіледі. Тауардың бағасын Сатушы біржақты тәртіпте өзгерте алады. Бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген Тауардың бағасы өзгертілмейді.
7.2. Сатып алушы Тапсырысты рәсімдеу сәтінде Сатушыда бар Тауарларға ғана тапсырыс бере алады.
7.3. Тауарларға ақы төлеуді Сатып алушы Мобильді қосымшада немесе Сайтта онлайн-төлем жасау арқылы 100% (жүз пайыз) алдын ала төлем түрінде ғана жүзеге асырады.
7.4. Тапсырыс өңдеуге тапсырылады және Сатушының шотына ақша қаражаты түскенін растағаннан кейін ғана қалыптастырылады.
8. Тауарларды қайтару және айырбастау, ақшалай қаражатты қайтару
8.1. Сатушы Сатып алушыға оның Тапсырысына толық сәйкес келетін, сондай-ақ сапасы Шарт жасасу кезінде Сатып алушыға ұсынылған ақпаратқа сай келетін Тауарларды тапсыруға міндетті.
8.2. Тауарларды алған кезде Сатып алушы олардың Тапсырысқа сәйкестігін тексеруге міндетті: қаптаманың ассортименті, саны, жиынтығы және сыртқы түрі. Тауарлар тапсырылғаннан кейін саны мен сыртқы түрі бойынша шағымдар қабылданбайды.
8.3. Сатушы Сайтта және Мобильді қосымшада орналастырылған ақпаратқа сәйкес келетін Тауарлардың сапасына жауап береді. Тиісті сапасы тез бұзылатын тағамның ерекшелігін ескере отырып, органолептикалық әдіспен (сыртқы түрі, иісі, температурасы) анықталады.
8.4. Сапасыздық белгілері анықталған жағдайда Сатып алушы міндетті:
- Сатушыға Мобильді қосымша немесе телефон арқылы хабарлауға;
- Тауарды алған сәтте оның кемшіліктерін фото/видео арқылы растауды ұсынуға;
- Сатушы тексергенге дейін Тауарды бастапқы күйінде сақтауға.
8.5. Сатушы ақша қаражатын қайтарудан бас тартуға құқылы, егер:
- Сатып алушы тиісті сапасыздықты растайтын дәлелдерді ұсынбаған жағдайда;
– сапаның бұзылуы Тауар Сатып алушыға тапсырғаннан кейін орын алған жағдайда;
- Тауар сапаға байланысты емес себептер бойынша қайтаруға жарамсыз тез бұзылатын тамақ өнімдерінің санатына жатады;
– Сатып алушы тарапынан сақтау шарттарының бұзылуының белгілері анықталған жағдайда.
8.6. Ақшалай қаражатты қайтару Сатып алушының банк картасына тексеру жүргізілгеннен және Сатушы тиісті сапасыздық фактісін растағаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күніне дейінгі мерзімде қайтару үлгісінде жүзеге асырылады.
8.3. Осы офертаның 8.2 тармағының шарттары орындалмаған жағдайда, Сатып алушының Тауарлардың сыртқы түрі және олардың жиынтығы бойынша наразылықтары қабылданбайды.
9. Форс-мажор
9.1. Тараптардың кез келгені осы оферта бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін, егер бұл орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайлары салдарынан болса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайлары Тараптар ақылға қонымды тәсілдермен болжай алмайтын немесе алдын ала алмайтын төтенше мән-жайлар мен оқиғаларды білдіреді. Мұндай төтенше оқиғаларға немесе мән-жайларға, атап айтқанда: ереуілдер, су тасқыны, өрттер, жер сілкінісі және өзге де табиғи апаттар, соғыстар, әскери іс-қимылдар, электрмен/сумен/газбен/жабдықтаумен апаттық жағдайлардың туындауы (егер көрсетілген мән-жайлар тауарды дайындаудың/қызметтерді көрсетудің технологиялық цикліне тікелей әсер етсе), сондай-ақ мемлекеттік билік немесе басқару органдарының шешімдері жатады.
10. Тараптардың жауапкершілігі
10.1. Осы офертаның (Сатып алушы акцептеген Сатушының офертасының) шарттарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
10.2. Интернет-дүкенде және Сайтта, Мобильді қосымшада орналастырылған барлық мәтіндік ақпарат пен графикалық кескіндердің заңды құқық иесі болады. Көрсетілген ақпарат пен бейнелерді заңсыз пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қудаланады.
10.3. Сатушы Интернет-дүкенде сатып алынған Тауарларды тиісінше пайдаланбау салдарынан Сатып алушыға келтірілген залал үшін жауап бермейді.
10.4. Сатушы Тапсырысты дұрыс толтырмау, оның ішінде дербес деректерді дұрыс көрсетпеу нәтижесінде пайда болған Сатып алушының шығыны үшін жауап бермейді;
10.5. Сатып алушы Интернет-дүкенде тіркелу кезінде өзі көрсеткен мәліметтер мен дербес деректердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
10.6. Пайдаланушы Интернет-дүкенді, Сайтты, Мобильді қосымшаны осы офертада көрсетілгеннен басқа мақсаттарда пайдаланбайтындығына кепілдік береді.
10.7. Пайдаланушы осы офертаның шарттары бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда Сатушы Сатып алушының логинін (абоненттік телефон нөмірін) бұғаттау арқылы Сатып алушының Интернет-дүкенді пайдалануға қол жеткізуіне тосқауыл қоюға құқылы.
11. Басқа шарттар
11.1. Осы оферта Сатып алушы Интернет-дүкенде есептік жазбаны (логинді) тіркеуге бағытталған әрекеттерді жасаған сәттен бастап күшіне енеді.
11.2. Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамауға немесе тиісінше орындамауға байланысты барлық дауларды Тараптар келіссөздер арқылы шешуге тырысады.
11.3. Келіссөздер барысында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, даулар сатушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешілетін болады.
Сатушының деректемелері
«Expert Food» ЖШС
БСН 230640020845
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Абай ауданы, Темірлан тас жолы, 50/1 үй
Директоры:Бекзод Абдусаттарович Турсуметов